«Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінде құрылыс жұмысы аяқталды
Ұлт ұясы – ұлытау өңірінде ұллттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Жошы хан» тарихи–мәдени кешені Мемлекет басшысының қатысуымен ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан ҚҰСАЙЫН мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, барлық құрылыс жұмыстары аяқталған. Нысан пайдалануға қабылданды. Қазіргі таңда Әділет органдарында нысанды тіркеу жұмыстары жүргізілуде.
Кешеннің ішкі безендірілуі ғылыми тұжырымдама мен ішкі интерьер дизайн-жобасына сәйкес жүргізіледі.
«Жошы хан» тарихи–мәдени кешеніндегі құрылыс жұмыстарының аяқталмауына байланысты жоспарға сәйкес 2020 жылы ашылуы болған жоқ. Себебі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жобалау–сметалық құжаттамада ескерілмеген жұмыстардың қосымша түрлері мен көлемдері анықталды, бұл жобаның айтарлықтай қымбаттауына алып келді.
Тиісті рәсімдер жүргізілген соң (жоспардан тыс мемлекеттік аудит, ЖСҚ түзету және мемлекеттік сараптамадан өткізу) ағымдағы жылы жұмыстарды аяқтауға облыстық бюджеттен 752,8 млн. теңге бөлінді.
Жоба бойынша құрылыстың жалпы құны 2 081 281,53 мың теңгені құрады. Шарт жалпы сомасы 1 960 686,0 мы? те?геге жасалды», – деді Ерлан Құсайын.