“Жомарт” кенішінде қаза тапқан кеншілердің аты-жөндері жарияланды
17 ақпанда “Қазақмыс” корпорациясына тиесілі “Жомарт” кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылып,оқиға салдарынан шахтаның жеті қызметкері қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Марқұмдардың ең жасы 26 жаста.
Қаза тапқан кеншілердің тізімі:
1. Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;
2. Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты учаскесінің тау-кен шебері;
3. Жұмадоллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты тау-кен жұмысшысы;
4. Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
5. Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі;
6. Нұролдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетигі;
7. Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен қазу жабдықтарының электр слесарі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.