Жолдау стратегиялық әрі нақты жол көрсетуімен құнды
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы қазіргі әлемде қалыптасып отырған аса күрделі геосаяси хал-ахуал аясында еліміздің экономикалық, саяси, рухани саладағы негізгі міндеттерді жүзеге асырудың стратегиялық әрі нақты жолдарын көрсетіп беруімен құнды деген абзал.

Өткен жылғы Жолдауда межеленген ауқымды іс-шаралар биылғы Жолдауда белгілі бір дәрежеде қорытындыланып, сарапталды. Жаңа уақыт, нақты жағдай тың міндеттерді шешуге жұмылдыратыны анық.
Қарқынды түрде инвестиция тарту, бәсекелестік, кәсіпкерлік пен бизнеске қолдау көрсету, жасанды интеллект, цифрландыру, энергетика, жалпы экономиканы дамытудың тиімді тетіктері, ұлттық өнімдердің шетелдерге шығуы, АЭС құрылысы т.б. ірі мәселелер айқындалды.
Неғұрлым тұжыра айтсақ, қоғамды жаңғырту, ел халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту, жас ұрпақтың, жастардың жаңа жағдайда алаңсыз ғұмыр кешіп, сапалы білім алуы айқындала түсті. Ал, білім мен ғылымды ел болашағына ұтымды пайдалану да сол жастарға байланысты десек, оқу орындарының бұл орайда жаңа межелері белгіленіп, анықталды.
Қуанышбек АДАНОВ,
«Bolashaq» Академиясының ректоры