Бас тақырып

Жолдау жүз бастаманың жүгін арқалап тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділет­ті Қазақ­стан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» ат­ты Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың тұрақтылығын және еліміздің дамуына серпін беретін жолды, стратегиялық басымдықтарды дөп басып, айқындап берді. 

Сурет: aptamedia.kz

Президентіміздің 9 бағытқа бөліп соқырға таяқ ұстатқандай нұсқау беріп, Қазақстан экономикасының құрылымын өзгерту арқылы түрлі салаларды дамытуды, азаматтардың табысын арттыруды мақсат етіп қойғаны бұл жолғы Жолдаудың Әділетті Қазақстан құруда маңызы зор екенін түсіндім. Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар мен тапсырмалар бар екен. Сонымен қатар, келер жылды – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауының маңызы өте зор деп ойлаймын. Себебі, жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру, әділет­ті Қазақ­станды қалыптастырып жатқан дәл қазіргі кезеңде өте қажет. Қазіргі уақыт­та жастардың көпшілігі мектеп бітірісімен жоғары оқу орындарына түсіп, заңгер, экономист, информатик тағы басқа мамандық иелері болуды алдарына мақсат етіп қоятынын білеміз. Ал, жұмысшы мамандығына, оның ішінде техникалық, мұнай-газ, құрылыс салаларының мамандықтарына тапшылық қат­ты байқалып отыр. Осы орайда, жұмысшы мәртебесін көтеру уақыт талабына сай келіп отыр деуімізге толық негіз бар.

Біз Президент Жолдауында қоғамдағы өзекті мәселелер жан-жақты қозғалумен қатар, еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдары тарапынан атқарылатын келелі міндет­тер нақты белгіленіп, оларды шешудің жолдары айқындалғанын бағамдадық.

Тайтөлеу ЖҰМАНОВ,

Балқаш ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button