Бас тақырыпБасты тақырып
Жолақының жартысы қайтарылады
Енді елімізде жолаушылар пойызға кешіккен жағдайда билет құнының жартысын қайтарып ала алады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ресми түрде хабарлады.
Компанияның мәліметінше, пойыз жөнелтілген соң жолаушы бір сағат ішінде вокзал кассасына барып, билет пен жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті. Мұндай жағдайда билет құнының 50 пайызы қайтарылады. Бұл жолаушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Алайда жолаушы бір сағаттан артық уақыт өткізіп барса, билет құны толық көлемде қайтарылмайды. Сол себепті уақытты өткізбей, мүмкіндігінше шұғыл әрекет ету қажет.
Жамал СОВЕТҚЫЗЫ
Ortalyq.kz