АймақЖаңалықтарРесми

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты №40 автобустың бағыты өзгерді

Қала әкімдігі қарағандылықтарға Космонавтар көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 40 автобустың бағыты өзгергенін ескертті.

Сызба: әкімдіктен

– Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары! Космонавтар көшесінің бойындағы тас жолды күрделі жөндеуге байланысты 2024 жылдың 27 маусымынан бастап Гудермесская көшесі арқылы өтетін 40 бағыттағы автобустың қозғалыс кестесі өзгертілді, – деп хабарлады әкімдік.

Қала әкімдігі қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұрайды, сонымен қатар 40 бағыт бойынша уақытша қозғалыс жоспарымен танысуды ұсынады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button