“Жол қозғалысының жас инспекторы” слеті өтті
Кейінгі кезде жол бойында жүйткіген көліктердің жылдамдығы бәсеңдемей тұрғаны анық. Сондықтан жол қозғалысының қауіпсіздігі өзекті мәселенің бірі болып тұр. Ауданымызда осы мәселені басты назарға ала отырып, балалар мен жасөспірімдер арасында жол ережесін сақтауды насихаттау, жол қозғалысы ережелері бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында «Жол қозғалысының жас инспекторы» атты аудандық слет өтті.

Оған бірнеше команда қатысты. Мектебіміздің 7 сынып оқушылары осы шараға қатысып, өз білімдерін жақсы жағынан көрсете алды. Слет барысында оқушылар саптық дайындықтарын көрсетті. ЖҚЕ бойынша сұрақтарға жауап берді, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оқушыларымыз барлық кезеңдерде өз білімдері мен шеберліктерін көрсетіп, “Жол қозғалысы ережелерін білушілер” номинациясында командалык есепте бірінші орын иеленді.
Әсем Жақыпбекова,
«Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО)»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі