«Жол мұраты – жету…»

Жуырда облысымызда «Трасса» жедел алдын алу шарасы өтті. Аталмыш шара жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті нығайту және жол көлік оқиғалары санын төмендету мақсатында ұйымдастырылды.
Биылғы жылдың I тоқсанында облыс аумағында 94 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 34 адам қаза тапса, 122-сі әртүрлі деңгейде жарақат алған. Жол-көлік оқиғасының 15-і республикалық маңызы бар тас жолдарда тіркелген көрінеді. Нақты айтқанда, 21 адам қаза тауып, 23-і жарақат алған. Мамандар жол-көлік оқиғасына соқтыратын басты екі себепті алға тартады. Бірінші себеп – жүргізушілердің жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы. Екінші себеп – тас жолдардың тарлығы мен сапасыздығы.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.