Жаңалықтар

Жол карталары пункттерінің орындалу барысы туралы айтылды

“Nur Otan” партиясының Қарағанды облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңес 3-тоқсанда Жол карталары пункттерінің орындалуын тыңдады.


Өңірлік кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Арыстан Мағзұмов Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп Жол карталарының әрбір пунктіне мониторинг жүргізеді.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Жиенбаева Өңірлік кеңес отырысында партияның сайлауалды бағдарламасының медициналық қызмет көрсетуді арттыру бағыты бойынша өңірлік жол картасының пунктерінің орындалу барысы туралы айтып берді. Коронавирустық инфекцияның таралуын азайту жөніндегі іс-шаралардың одан әрі іске асырылуы, медициналық мекемелер мен дәріхана желілерінің дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілу мониторингі туралы мәселелер қаралды. Өңірдегі денсаулық сақтау объектілерінің, жоспарланған денсаулық сақтау нысандарының ішінде Қарқаралы және Нұра аудандарында 2 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының, 6 ауданда 20 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ жыл соңына дейін Қарағанды қаласында медициналық жедел-жәрдем қосалқы станцияларын іске қосу жоспарлануда. Осы іс-шаралардың барлығы партияның ерекше бақылауында.
Отырыс барысында аумақтық қоғамдық кеңестердің төрағаларының баяндамасы тыңдалып, әрбір Төраға қалалар мен аудандардың Жол карталары пункттерінің орындалу барысын бақылады.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға Жол карталарының индикаторларын іске асырудың барлық тармақтары мен мерзімдері бойынша тапсырмалар берілді.

Басқа материалдар

Back to top button