Ресми

Жол – бес сатылы бақылауда

2020 жылдан бері жүргізіліп жатқан облыстық маңызы бар «Абай-Қарабас-Жартас-Долинка» автожолындағы қайта жаңғырту жұмыстарының барысы қалай? Ондағы асфальт төселуі тиіс жолдың ұзындығы – 21 шақырым. Осы жөнінде облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов әлеуметтік желіде өткен тікелей эфирде бөлісті.

Жол жөнделіп жатқанда автокөлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін уақытша айналма жолдар қарастырылған. Мердігер «Прогресс KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Жолдың 15 шақырымына маусым соңына дейін ұсақ түйіршікті асфальт-бетон төсеп үлгереміз» деп уәде етіп отыр. Одан бөлек, сегіз су өткізу құбыры да қарастырылған. Бұл үшін биыл 2,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

– Нысанды толық аяқтау үшін тағы шамамен 1,9 млрд. теңге керек. Келесі жылы Долинка кентінің басты көшесін қоса алғанда, үш су өткізу құбырын, жолдың алты шақырымын жөндеу көзделген. Одан бөлек, аялдама павильондарын, жол белгілерін дұрыстау, еңістерді абаттандыру назарда, – дейді Мақсұт Қожанов.

Жол жөндеуші компания Долинка кентінің тұрғындарын 10 шілдеде жол ашыларына сендіреді. Жұмыс сапасы қатаң техникалық және авторлық қадағалауда. Әзірге мердігерге қатысты айтарлықтай шағым жоқ. Шағым түссе, уақытылы ескеріліп, кемшілік жойылады.

– Автожолды қайта жаңғырту кезінде бес сатылы бақылау жүргізілуде. Бюджет қаражаты бөлінетіндіктен жұмыс сапасына тиісті назар аудару қажет, – дейді Мақсұт Жолдыбайұлы.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button