Жол апаты: үш адам ажал құшты
Қарқаралыдан 20 шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты орын алып, 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы кеше кешкілік, яғни 27 тамыз сағат 18.30-да Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолында болған.
Қарағанды облысының Полиция департаментінің таратқан мәліметінше «Mercedes-Benz» көлігін тізгіндеген 35 жастағы азамат рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігіне соғылған. «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тауып, «Toyota Land Cruiser 100» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
– Аталған факт ішкі істер органдарына тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – жылдамдықты шамадан тыс арттыру. Жол қауіпсіздігі әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке тәртібіне байланысты. Полиция департаменті баршаңызды жол ережесін қатаң сақтауға және көлік жүргізу кезінде сақ болуға шақырады», – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,
ortalyq.kz