Ресми

ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ – МІНДЕТ

90 жоба – 13,8 млрд. теңге

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін 2020 жылы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар бойынша 90 жобаны іске асыруға 13,8 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 11,5 млрд. теңгеге – 44 жоба, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1,2 млрд. теңгеге – 1 жоба, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 1,1 млрд. теңгеге – 45 жоба.

Жыл қорытындысы бойынша 380 шақырымнан астам су құбыры және кәріз желілері (қалаларда 230,2 км, ауылда 151,1 км) салынды және қайта жаңартылды, 76,8 км желіге ағымдағы жөндеу жүргізілді, жұмыс жүргізу уақытында 441 жұмыс орны (ЖҚЖК) құрылды және 25 нысан пайдалануға берілді.

Жобаларды іске асыру сумен жабдықтау жағдайларын жақсартуға және қалаларда қамтамасыз етілуге қолжетімділікті 98%- ға дейін (өсім +1% немесе 1 076 911 адам), ауылдық елдімекендерде 89,9%-ға дейін (өсім +2,1% немесе 261 641 адам), сумен жабдықтау желілерінің тозуын 66%-ға дейін (2019 жылы – 67%) және су бұру желілерінің тозуын 77%-ға дейін (2019 жылы – 78%) төмендетуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы шеңберінде 26 жобаны іске асыруға қаржыландыру көлемі 10,9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде РБ – 9,6 млрд. теңге және ОБ – 1,3 млрд. теңге.

Жыл қорытындысы бойынша 300 км астам су құбыры және кәріз желілерін (қалаларда 148,4 км, ауылда 152,6 км) салу және қайта жаңарту, оның ішінде Бұқар жырау ауданының (Жаңаталап, Сарытөбе, Асыл, Қызылжар), Нұра ауданының Жанбөбек ауылының 4 ауылдық елдімекенін орталықтандырылған сумен жабдықтау, Қарағанды қаласының Сұрыптау шағын ауданында желілер, Қаражал қаласының Ақтай шағын ауданында су құбыры желілерін және Теміртау қаласындағы су құбыры желілерін салу жоспарланған.

Бұдан басқа, Жезқазған қаласында шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын, сумен жабдықтау желілерін жаңарту және Сәтбаев қаласында кәріз коллекторын салу жөніндегі жобаларды іске асыру жалғастырылады.

Сонымен қатар, жұмыстарды жүргізу және қамтамасыз ету көрсеткіштеріне қол жеткізу кезінде қалаларда 100% (өсім +2% немесе 1 092 859 адам), ауылдық елдімекендерде 91% көрсеткішімен (өсім +1,1% немесе 265 052 адам) 493 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сарқынды суларды тазартуға қатысты, 2020 жылы Ұлытау ауылында жалпы сомасы 680,2 млн.теңгеге кәріз тазарту құрылысы аяқталды, бұл ауылдың 2450 тұрғынын сарқынды суларды сапалы тазартумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында ағымдағы жылы Абай ауданының кәріз желілерін, кәріз тазарту құрылыстарын жаңарту жобасын іске асыру жалғастырылуда және Приозерск қаласындағы тазарту құрылыстарын реконструкциялау жобасын аяқтау жоспарлануда.

Тазарту құрылыстарын жаңарту жоспарда

ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен кеңестің 2019 жылғы 8 тамыздағы №17-3 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы «ТКШ Қазорталығы» АҚ, Халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен Балқаш қаласында кәріздік ағындарды тазарту құрылыстарын салу және Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының қолданыстағы тазарту құрылыстарын жаңарту бойынша жобаны іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, «ТКШ Қазорталығы» АҚ Қарағанды қаласында КТҚ қайта құру және Қарағанды қаласының Пришахтинск шағын ауданында КТҚ салу бойынша жобаларының ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеуде.

Сондай-ақ, Ақтоғай, Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарының әкімдіктері кәріз тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобаларды әзірледі, оларды бюджет мүмкіндігі шеңберінде келесі жылдары іске асыру жоспарланып отыр.

Осы жобаларды іске асыру Қарағанды облысының экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жылумен жабдықтау жүйелі

2020 жылы жылумен және электрмен жабдықтау саласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 5,2 млрд. теңгеге 6 жоба іске асырылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының арқасында Саран қаласында қазандық құрылысы, шағын ауданға магистральдық жылу желілерінің құрылысы сияқты әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру басталды. Балқаш қаласының қоңыраты, сондай-ақ Қарағанды облысының Шахан кентінің кварталішілік жылу желілерінің құрылысы.

Қарағанды қаласында жалпы құны шамамен 1,7 млрд. теңге болатын сорғы станциясын қайта жабдықтай отырып, «Кеңдала» шағын ауданына жылу желісін реконструкциялау бойынша жоба іске асырылды.

Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша ұзындығы 3,74 км магистральдық жылу желісін қайта жаңарту бойынша жұмыстар орындалды. Жобаны іске асыру Қарағанды қаласының 5,4 мың тұрғынын жылумен жабдықтау сапасын жақсартты.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша жылумен және электрмен жабдықтау саласында 26 км жылу желілерін және 10 км электрмен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау бойынша жұмыстар орындалды.

Бұдан басқа, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 22 км жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары шамамен 1 млрд. теңгеге орындалды.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 4,6 млрд.теңгеге жылумен жабдықтау саласында 4 жобаны іске асыру жалғасады.

Дайындық жаздан басталды

2020-2021 жылдардағы КҚК-ге дайындық. 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық шеңберінде Қарағанды облысы бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:

– облыстың 8 жылу электр станцияларында 43 қазандық пен 16 турбинаны жөндеу;

– 83,82 км. жылу желілерін жөндеу;

– 5100,15 км. электр желілерін және қосалқы станциялардың 923 жабдығын жөндеу;

– 377,5 км. су құбыры және кәріз желілерін жөндеу және жаңғырту;

2020-2021 жж. жылыту маусымына тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық және көп пәтерлі тұрғын үйлерді дайындау бойынша барлық жоспарланған іс-шаралар уақтылы аяқталды.

Бүгінгі күні облыс бойынша жылу беру маусымы тұрақты өтуде, барлық әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар мен тұрғын үйлер жылуға қосылды.

Тіршілікті қамтамасыз ететін жылу, электр, сумен қамтамасыз ететін барлық объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Жылумен жабдықтау бекітілген температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Жылыту маусымының өту барысына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Қасбеттер жаңарып, лифт орнатылуда

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, 2020 жылы қалалар мен елдімекендерге бірыңғай архитектуралық келбет беру мақсатында.

Өңірдегі 469 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырларын ағымдағы жөндеуге барлық көздерден 7,667 миллиард теңге бөлінді.

Сондай-ақ, өткен жылдан бастап облыста жұмыс істемейтін лифтілерді қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыс басталды.

Қарағанды облысының әкімдігі және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ 2019 жылғы 18 қарашада жұмыс істемейтін лифтілерді ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы меморандум жасасты.

2020 жылы Қарағанды (65), Теміртау (30), Балқаш (3), Сәтбаев (2), Шахтинск (1), Жезқазған (1) қалаларында 1 млрд. 224 млн. теңгеге 102 лифт орнатылды.

Сондай-ақ, 2021 жылы жоспарда 100 лифт орнату қарастырылған.

Газ желісі құрылысы жалғасты

Бүгінгі күні Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында газ тарату желілерінің құрылысы жалғасуда («ӘлияСервис» ЖШС-мен шарттар жасалды).

Қарағанды қаласы бойынша.

Қарағанды қаласын газдандыру жобасы 16 іске қосу кешенінен тұрады.

Құрылыстың жалпы сомасы 63 млрд. теңгені құрайды. 29 528 үйді (87 504 тұтынушы) газдандыру жоспарлануда, газ тұтыну көлемі жылына 546,4 млн.м3. Іске асыру кезеңі 2020-2035 жылдар.

Бірінші іске қосу кешені бойынша құрылыс сомасы 5,1 млрд. теңгені құрайды. 1 865 үй газдандырылуда (4 515 тұтынушы, тұтыну көлемі жылына 22,6 млн.м3).

Теміртау қаласы бойынша.

Теміртау қаласын газдандыру жобасы 8 іске қосу кешенінен тұрады.

Құрылыстың жалпы сомасы 10,7 млрд. теңгені құрайды. 4 498 үйді (5 949 тұтынушы) газдандыру жоспарлануда, тұтыну көлемі жылына 62,2 млн.м3. Іске асыру кезеңі 2020-2027 жылдар.

Бірінші іске қосу кешені бойынша желілер құрылысының сомасы 1,6 млрд. теңгені құрайды. 506 үй газдандырылуда (1 012 тұтынушы, тұтыну көлемі жылына 3,9 млн.м3 ).

Жезқазған қаласы бойынша.

Жезқазған қаласын газдандыру жобасы 7 іске қосу кешенінен тұрады.

Құрылыстың жалпы сомасы 14,3 млрд. теңгені құрайды. 4 562 үйді газдандыру жоспарлануда (14 831 тұтынушы), тұтыну көлемі жылына 141,7 млн.м3 . Іске асыру кезеңі 2020-2026 жылдар.

Бірінші іске қосу кешені бойынша құрылыс сомасы 3,2 млрд.теңгені құрайды.

550 үй газдандырылуда (1 483 тұтынушы, тұтыну көлемі жылына 2,5 млн.м3 ).

Жалпы, Теміртау және Жезқазған қалаларында құрылыс-монтаждау жұмыстары толық көлемде аяқталды, Қарағанды қаласы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылы аяқталады.

Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде, Осакаров ауданының Осакаровка кентінде, Шахтинск қаласының С.Сейфуллин кентінде газ тарату желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде.

ЖСҚ әзірлеуді ағымдағы жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Сараптаманың оң қорытындысын алған кезде Энергетика министрлігіне газ тарату желілерінің құрылысын қаржыландыруға бюджеттік өтінім жіберілетін болады.

Жоғарыда көрсетілген аудандардың әкімшілік орталықтарында газ тарату желілерін салу алдағы уақытта жақын маңдағы ауылдар мен елдімекендердің 800 мыңнан астам тұрғынын газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жұмыстар тұрақты бақылауда.

Ұлантай ҮСЕНОВ,

Қарағанды облысының энергетикалық және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button