Жезқазғанда тағы үш адамнан коронавирус анықталды
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
“Жезқазған қаласында 3 адамнан вирус анықталды. Олар Ресей Федерациясынан келген. Бірден карантинге алынған. 04.05.2020 күнгі ПТР талдау нәтижелері бойынша науқастардың COVID-19 жұқтырғаны нақтыланды. Олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Сонымен қатар, Теміртау қаласында 1 жағдай тіркелді. Ол індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан карантинге жатқызылған болатын. 04.05.2020 күнгі ПТР талдау нәтижелері бойынша науқастың індет жұқтырғаны нақтыланды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 159 адамға жетті. Оның ішінде 2 адам қайтыс болып, 73 науқас жазылып шықты”, – делінген хабарламада.