Жаңалықтар

Жезқазғанда қала жастарының форумы өтті

Халықтар достығы мен мәдениет үйінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі аясында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен – жас қазақстандықпын» атты қала жастарының форумы өтті. Форумға қатысушы жезқазғандық жастарды қала әкімі Қ.Әбсаттаров құттықтады. Тәуелсіздік ұрпақтарына қала әкімі елдің бүгінгі күні мен болашағын жасауда еңбекқор, білімпаз болуға шақырды.

Қала әкімі 1991 жылы 16 желтоқсанда Жезқазған қаласының перзентханасында дүниеге келген 3 жезқазғандыққа естелік сыйлық тапсырды. Олар: Атакишиева Валентина Радионовна – дәрігер, Балмағамбетов Жалғас Болатұлы – жеке кәсіпкер, Зеблицева Ульяна Владимировна – металлургия саласының маманы. «Мен – жас қазақстандықпын!» форумы аясында келесі номинациялар бойынша қала жастары марапатталды:

– «Жылдың үздік оқу орны» – номинациясымен қаламыздағы екі оқу орны марапатталды: Жезқазған бизнес және көлік колледжі, Жезқазған жоғарғы политехникалық колледжі.
– «Жыл патриоты» – номинациясына Нұргүл Талғатбекова.
«Жылдың үздік жас актері» – номинациясымен Жезқазған музыкалық колледжінің студенттері Әбілтаев Думан мен Естерек Марғұлан.
– «Жас маман» – номинациясымен Тәңірберген Жанатов.
– «Үздік құқық қорғау қызметкері»-номинациясымен Ерзат Көкенов.
– «Жылдың жас ғалымы» – номинациясында Назира Аймағамбетова.
– «Озат жас жұмысшы» – номинациясымен Азамат Оразалы.
– «Жыл мақтанышы» – номинациясымен Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенті Сламбек Айгерім Саятқызы.

01 (4).jpg

«Жылдың үздік волонтері» – номинациясымен марқұм болған Еркімбаев Тәжикен Нұртайұлы марапатталды. «Жылы жүрек» еріктілер тобын құрған Тәжікенді атап өткенде зал орнынан тұрып қол соқты.
-«Үздік жас спортшысы» – номинациясымен ЖИГК студенті, ТМД елдері арасында боктан чемпион Анита Адишева.
-«Ел үміті» – номинациясымен Ақмарал Малгозина.
-«Жылдың жас ұстазы» – номинациясымен Шәгіл Нұргүл Дүйсенбекқызы.
-«Жыл жас ақыны» – номинациясымен Абай Ораз.
– «Жыл көшбасшысы» – номинациясымен Жезқазған жоғарғы медициналық колледжінің студенті Сергей Досымжан.
-«Жылдың үздік блогері» – номинациясымен JezCars.
-«Жылдың жас тілшісі» – номинациясымен Мұқағали Сейітқазы.
– «Жылдың жас дарыны» – номинациясымен Рымхан Жүніс.
– «Жігерлі жас» – номинациясымен Әлішер Ильясов.

Басқа материалдар

Back to top button