Спорт

Жетісудағы жеңіс

Талдықорғанда тоғызқұмалақтан балалар мен кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада қарағандылық үш қатысушының бағы жанды. Оның ішінде, Нұрғайым Сайдулла I орынға ие болса, Жансая Төлегенова мен Мұхаммад Амангелді II және III орындар алды.

Сурет жүлдегерлердің жеке мұрағатынан

Сайыс тоғызқұмалақ ойынының негізгі үш түрінен өтті. Олар классика, рапид және блиц. Еліміздің барлық облыстарынан 400-ге жуық қатысушы жиналған ойын өте тартысты болды.

– Биылғы жастар – алғыр әрі ойға жүйрік. Ұлттық ойынға деген қызығушылық күн санап артуда. Оны қатысушылар саны да айтып тұр. Жалпы, балалардың жеңіске деген ұмтылыстары бар. Ойынды меңгеру мен ойын тактикасына тез бейімделу шеберліктері аңғарылады, – дейді ойынның бас төрешісі Бауыржан Шурин.

Рапидтан алдына қара салмаған қарағандылық Нұрғайым Сайдулла жеңісіне сенер емес. Ол ойын барысындағы әр сәтті есінде сақтаған.

– Ойын барысында қарсы­лас­ымның мінез-құлқының өзгеруін, түрлі тактикаға кірісіп, жеңудің амалын қарастырғандағы эмоцияларын жасыру мүмкін емес. Десек те, жеңістің дәмі – өзгеше, – деп атап өтті сайыс­тың I орын иегері Нұрғайым Сайдуллла.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button