Жеті боксшымыз – ширек финалда
Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының бүгін оныншы күні. Ұлттық құрама сапынан жеті боксшымыз ширек финалға жолдама алды.
Ширек финалға жолдама алғандардың қатарында 48 келіде – Санжар Тәшкенбай, 54 келіде – Махмұд Сабырхан, 57 келіде – Серік Теміржанов, 67 келіде – Дулат Бекбауов, 71 келіде – Асланбек Шымбергенов, 80 келіде – Нұрбек Оралбай, 92 келіден жоғары салмақта – Қамшыбек Қоңқабаев бар.
Ал, жалпы ширек финалға Кубадан 12 боксшы жолдама алған. Өзбекстаннан – 11, Ресейден – 8 боксшы алтыннан үмітті. Сонымен қатар, Испаниядан – 6, Франция мен Грузиядан – 5, Иордания, Тәжікстан, Болгариядан – 4, Қырғызстан, Үндістан, Бразилия, Армениядан – 3, Жапония, Венесуэла, Таиланд, Моңғолия, Қытай, Әзербайжан, Замбия, Мексикадан – 2 боксшы ширек финалда бақ сынайды. Ал, Тайвань, Шотландия, Аустралия, Хорватия, Венгрия, Беларусь, Колумбия, Гана, Италия, Австриядан бір боксшы шаршы алаңға шығады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz