Жеті атадан аспай қыз алыспаған елміз
Жеті атадан аспай қыз алыспау дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана қалыптасқан. Бұл жөнінде Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты шипагерлік кітабында жазылған.
XV ғасырда Қазақ Хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Сол тұстан бізге жеткен аңыз бар. Күндердің күнінде Жәнібек ханның кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, тұра алмай қалады. Хан жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Кейін Жәнібек хан Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады.
Талай емші дертін таппай жүрген Жиренше Өтебойдақтың емінен кейін толық сауығып кеткен. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты. Көп сұрақтарға қонымды жауаптар алып, соңғы сұрағына алған жауабы бүкіл қазақ елінің өміріне өзгеріс алып келген. Ол – жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі.
Өтейбойдақ емші Жәнібек ханға тұқым қуалайтын аурулардың емделуі күрделі екендігін айтып, ауруды алдын алу үшін жеті атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керектегін нақты дәлелмен келтірген.
Сол уақыттан бері емшінің айтқанымен Жәнібек хан «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығарған. Содан кейінгі қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген осыдан қалған. Ұлы халқымыз жеті атаны қалай атағанын біле жүрейік. Түп ата, Тек ата, Баба, Арғы ата, Ата, Әке, Бала, Немере, Немелтай, Шөбере, Шөпшек, Немене, Жүрежат, Туажат, Жекжат, Жұрағат, Қаймана.
Маржан терген Нұрдос КӘРІМ.