Жаңалықтар

Жерлестің жеңісі

АҚШ-та UFC 265 турнирі аясында 28 жастағы Қазақстан тумасы Рафаэль «Атаман» ФИЗИЕВ бесінші кездесуін өткізді. Америкалық Бобби ГРИНМЕН жекпе-жекте ФИЗИЕВ қарсыластан айқын басым түсіп, жеңіс жүлдесін қанжығалады.

Отандасымыз үшін, бұл – мансабындағы оныншы және қатарынан төртінші жеңісі. Рафаэль UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Магомед Мұстафаевтан 14-3 есебімен жеңілген болатын. Жамбыл облысы Қордай ауылында дүниеге келеген Физиев бақ сынаған октагон бұрышында менеджері – қазақстандық Саят Әбдірахманов та болған. Бұған дейін Рафаэль ММА-де өткізген алты жекпе-жегінде де қарсыластарын нокаунтпен ұтты. 2015 жылы ММА-де жұдырықтаса бастаған спортшы Titan FC 51 турнирінде қазақстандық Нұржан Тұтқаевты нокаутқа түсірді. Спорттағы мансабын тай боксымен бастаған спортшы – әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері – Арманым орындалғанына сене алар емеспін. Бұл мақсатқа жету жолында талай қиындықтан өттім, алайда, ең қиыны әлі алда, сондықтан, ұмтылысым арта түсті, – деген еді UFC-мен келісімшартқа отырғанда Физиев. Ол өз арманына жетіп, қазір октагонға екі ел туын ұстап шығады. Мұның алдында UFC-ге Қазақстан және Ресей туын ұстап шыққан ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов еді.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button