Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Жерлестеріміз жеті мәрте жеңіске жетті

Үстел теннисінен Қарағанды облысының әйелдер құрамасы бір жылда жеті рет Қазақстан чемпионатында топ жарды.

Суреттер: ҚР Үстел теннисі федерациясы

Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионатта теннисшілер жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көрінді. Олар 2005, 2007, 2009, 2011 және 2013 жылы туған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттарында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, аз ғана уақыт бұрын олар Қазақстан кубогын жеңіп алған болатын. Әйелдер құрамасының керемет жетістігін ұлттық құраманың бас бапкері де атап өтті.

– Мен Қарағандының олимпиадалық резервтік үстел теннисі мектебін айрықша атап өткім келеді. Облыстық әйелдер құрамасы жылды жақсы аяқтап, барлық чемпионаттар мен ҚР Кубогын жеңіп алды. Жаттықтырушылар тобының үйлесімді жұмысының және спорт басқармасы басшылығының қолдауының арқасында осындай жетекші позициясын сақтап қалды, – деді Эльмира Алиева.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button