ЖаңалықтарСпорт

Жерлестеріміз жарады

     Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы ресейлік «Рязань» командасынан басым түсті.

     Алғашқы болып жерлесіміз Тигран Манукян «Рязань» хоккей клубының қақпасына шайба салды. Ойынның екінші бөлігінде есеп ашылмады. Ал, үшінші кезеңде қарсылас команданың ойыншысы Кирилл Старцев шайба тоғытып, таразы басын теңестірді. Көп ұзамай, «Сарыарқаның» саңылақ ойыншылары Александр Юксеев пен Даниил Ердаков ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, бір-бір шайбадан соғып, есепті еселеді. Кездесу соңында есеп – 3:1 болып «Сарыарқаның» пайдасына шешілді.

    Айта кетейік, ЖХЛ тұрақты маусымының турнир кестесіне сай, «Сарыарқа» 17 ақпан күні Чехов қаласының «Звезда» хоккей клубымен кездесетін болады.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button