Спорт

Жерлестер жеңіспен оралды

2016 жылы туған футболшылардан құралған қарағандылық «Скаут» командасы Қырғызстанда өткен Nitro Asian Cup турнирінде жеңіске жетті. Аталған турнир Ыстықкөл жағалауында өткен. Оған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 17 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Ал, қарағандылықтар барлық алты ойында жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды.

Сурет дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Жартылай финалда «Скаут» командасы Ташкенттің «Пахтакор» клуб академиясының шәкірттерін жеңген. Ал, ақтық бәсекеде алматылық «Қайрат» футбол академиясынан 3:0 есебімен басым түсті.

– Бүгінде клубта шамамен 500 бала жаттығады. Соның 300-і ArtSport бағдарламасы аясында тегін дайындалуда. Шәкірттеріміз үшін қуаныштымыз. Бізді үнемі қолдайтын ата-аналарға да мың алғыс. Клубтың басты жетістігі – ауызбіршілік. Яғни, біздің балалар алаңнан тыс бір-бірімен дос. Әрі сондай керемет аура қалыптасқан. Әр ойынға үлкен мақсат, сеніммен шығамыз. Алда бізді үлкен жарыстар күтіп тұр. Сол турнирлерде де жеңіске жетеміз. Сол үшін дайындықты үзбейміз, – деді клубтың негізін қалаушы әрі жаттықтырушысы Федор Богатырев.

Айта кетейік, клубтың 2015 жылы туған ойыншылары ел чемпионы атанған еді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button