Спорт

Жерлестер рекорд жаңартты

Қарағандыда жеңіл атлетика мектебінің негізін қалаушы Александр Кирсановты еске алуға арналған турнир өтті.

Суреттер: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Аталмыш байқауда қашықтыққа жүгіру, эстафета, ұзындық пен биіктікке секіруден 16-17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар сынға түсті. Биыл елдің түпкір-түпкірінен қатысқан 100-ден астам спортшының алтауы рекорд орнатты.

Рекордшылар арасында қарағандылық Нұржан Сейдрахман (300 м) және Арина Малюгина (биіктікке секіру) бар. Олар Кирсановтар отбасынан ақшалай сыйлық алды.

Жеңімпаздар арасында аймақтан Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернат тәрбиеленушілері Милана Зубарева мен Тимур Агеев, Олимпиадалық резервтегі облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебінен Богдан Полищук, Теміртаудан Мария Тимченко бар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button