Жерлестер оза шапты

4 маусым күні Нұра ауданында Шахтер ауылы спорт кешенінде және Нұра кенті спорт кешенінде Болат БУСТЕКБАЕВТЫ еске алуға арналған волейболдан ерлер командалары арасында облыстық ашық біріншілігі өтті.

Жарысқа 12 команда қатысты:

1) Манас командасы Қырғызстан Республикасы
2) Теміртау қаласы Қарағанды облысы
3) Бұқар-жырау ауданы Қарағанды облысы
4) Баян ауыл Павлодар облысы
5) Нұра ауданы Қарағанды облысы
6) Шахтер Қарағанды облысы
7) Шығыс Шығыс Қазақстан облысы
8) Ақсораң Қарағанды облысы
9) Вершина Қарағанды қаласы
10) Шахтер-Нұра Қарағанды облысы
11) Қызылжар Ақмола облысы
12) Абай Қарқаралы ауданы
Жарыс нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған командалар:
І-ші орынды Теміртау қаласы Қарағанды облысы 300 000 тг.
ІІ-ші орынды Баянауыл Павлодар облысы 200 000 тг.
ІІІ-ші орынды Шахтер-Нұра Қарағанды облысы 100 000 тг.
IV-ші орынды Ақсораң командасы Қарағанды облысы 50 000 тг. иеленді!
Жарыстың 6 ойыншысы үздік ойыншы атағымен марапатталды!
Жарыстың қадірлі қонақтары: Нұра ауданы әкімі Шалмағанбетов Аян Тиыштықұлы, Шахтер ауылы ЖШС «Шахтер» басшысы Қарағанды облысы құрметті азаматы Прокоп Георгий Георгиевич, Қарағанды ​​облысының Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хасенов Талғат Болатұлы, Бустекбаев Болат Адылханұлының баласы Әдіхан Заңғар Болатұлы қатысты!
Жарыстың төрешілері: Бас төреші Дюсебаев Болат ұлттық санаттағы төреші, Сейдғазым Есбол 1-ші санаттағы төреші, Насыров Асылжан спорт төреші, Абдикаримов Махамбет спорт төреші.