Бас тақырыпСпорт

Жерлестер Грециядан жүлдемен оралды

Грецияның Крит аралында орналасқан Ираклион қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Турнирге әлемнің 69 елінен 970-тен астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ел атынан барған Қазақстан спортшылары да керемет өнер көрсетіп, ересектер арасындағы командалық сайыста І орын иленді. Бұл қатарда жүлде салған жерлестеріміз де бар.

Суреттер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен

Өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінгендердің қатарында Асанәлі Абаев, Аяна Амзе мен Шахноза Таджиева бар.

Ерназ Мырзабеков, Варвара Шкурапат, Жандос Қуанышбеков жеңіске бір елі жетпей, күміске қол жеткізді.

Ал, Жігер Алматай, Асылмұрат Сағындық, Олжас Нұртақанов, Ажара Салықова қола жүлдеге қол жеткізді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button