Жерлестер еншісінде – жеті медаль
Әртістік жүзуден Канаданың Маркем қаласында өткен World Aquatics Әлем Кубогының үшінші кезеңінде қарағандылық мәнерлеп жүзушілер жеті медаль жеңіп алды. Байрақты бәсекеге әлемнің 16 елінен 88 спортшы қатысқан.
Теміртаулық Виктор Друзин ерлер солосы бағдарламасында алтын медаль жеңіп алса, Эдуард Ким мен Наргиза Болатова (Теміртау қ.) жұбы микс-дуэті техникалық бағдарламасында күміспен күптелді.
Сонымен қатар, Виктор Друзин мен Анна Павлецованың микс-дуэті еркін бағдарламада үшінші орын иеленді.
Еркін бағдарламада құрамында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова (Теміртау қ.), Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Ксения Макарова (Теміртау қ.), Этери Какутиа (Теміртау қ.), Жаклин Якимова және Валерия Столбунова өнер көрсеткен спортшылар тобы қола жүлдені қанағат тұтты.
– Мен өзімді бақытты сезінемін, өйткені мен бұл жетістік үшін барымды салдым,- дейді Виктор Друзин.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды қытай спортшылары алса, Қазақстан құрамасы жүлделі екінші орыннан көрінді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.