Спорт
Жерлестер дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды
Қарағандыда 3-5 наурыз аралығында Қ.Байшолақов атындағы спорт кешенінде дзюдодан жастар арасында ҚР чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің 17 облысынан 500-ден аса спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысының спортшылары 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальға ие болып, медальдар саны бойынша жалпы командалық есепте І орынға ие болды.
Атап айтар болсақ, 60 келі салмақта Алдияр Кәріғұлов, 52 келі салмақта Аяулым Қайрат, +78 келі салмақта Руслана Махатова алтын медальға, 90 келі салмақта Егор Раков күміс медальға, 73 келі салмақта Айбек Жақашев, 81 келі салмақта Глеб Азаров, 90 келі салмақта Ұлан Алтаев қола медальға ие болды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz