Спорт
Жерлесіміздің жетістігі
Өскеменде 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы ХХХІІ, әйелдер арасындағы Х қысқы чемпионаты өтті. Қазақстанның түпкір-түпкірінен қатысқан 400 спортшының ішінен қарағандылық Бауыржан Текенов қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, ерлер арасындағы «Алтын бұранды» аталымының алғашқы жеңімпазы атанды.
Жерлесіміз чемпионатта жеке сайыс бойынша кедергілері бар 100 метрлік жолақта бақ сынап, ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар, чемпионатта алғаш рет үздік өнер көрсеткен спортшыға берілетін «Алтын бұранды» аталымындағы сыйлығы жерлесімізге бұйырды.
Бұл сыйлықты «Қазақстан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев арнайы келіп табыстады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz