Спорт
Жерлесіміз жеңіске жетті
Шет ауданында 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен турнир өтті. Турнир қазақ күресінен ҚР спорт шебері, самбодан КСРО спорт шебері Жәкен Ақыжанұлын еске алуға арналды. Оған түрлі салмақтағы 15 құраманың 100-ден астам балуаны қатысты.
Ақсу-Аюлы спорт мектебінде өткізілген дода тартысқа толы болды. Орта салмақ дәрежесінде Әлімжан Қыбышев бас жүлдені жеңіп алып, алтын белбеуді иеленді.
– Қарсыластарым жақсы дайындықпен келіпті. Ағайларыма, қолдаған бүкіл достарыма рахмет. Финалдық сайыста досыммен кілемде кездесуге тура келді. Бірақ, шынайы күрестік, – дейді Әлімжан Қыбышев.
Жүлдегерлерге ақшалай сыйлық, кубок және диплом табысталды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz