Жаңалықтар
Жерлесіміз – жеңіс тұғырында
Қазақстанның ең жас спорт шебері, 16 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Португалияның Вила-Реал қаласында өткен WTA Youth Contender турнирінің жеңімпазы атанды.

17 жасқа дейінгі санатта ол Франсеска Карреруді (Испания), Хуан Рамиресті (Колумбия), Ной Виттельді (Франция), Энрике Риосты (Пуэрто-Рико), Мартин Сипаны (Чехия), Даниэль Берзосаны (Испания) және Драгош Бужоруды (Румыния) қапы қалдрып, жеңімпаз атанған. Сөйтіп Ұланның қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.
Спортшыны Эльмира Әлиева мен Тоқтамыс Хасенов жаттықтырады.
Аида ЖАҢАБАЙҚЫЗЫ,
Оrtalyq.kz