Спорт
Жерлесіміз Әлем кубогы кезеңінде екі алтын жеңіп алды
Қарағандылық спортшы Данил Мұсабаев Бакуде өткен батут гимнастикасынан Әлем Кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды.
24 жастағы спортшыны Сергей Вертянкин жаттықтырады. Батутшы жеке жарыстарда бірінші орынды иеленді. Оның нәтижесі – 59,240 балл. Жерлесіміз испандық Хорхе Мартиннен (58,530) және француз Алан Морантеден (58,270) озып кетті.
Екінші алтынын синхронды секірулерде Пирмамад Әлиевпен жұпта жеңіп алды. Ол бұл турда 51,490 ұпай еншіледі.
Данил Мұсабаев былтыр әлем кубогы кезеңдерінің балдары бойынша әлемдік рейтингті басқарған алғашқы Қазақстандық болды.