Жерлесіміз Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында ұсыныс айтты
Amanat партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында сөз сөйлеп, ел дамуы үшін маңызды бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

– Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде мен осы Халық Кеңесінің құқықтық мүмкіндіктері мен қызметі Ата заңымыздың жаңа редакциясында жан-жақты нақтылану керек деп санаймын.
Жаңа редакциядағы Конституцияда «Халық Кеңесінің» барлық құқықтық сипаты қамтылуы керек деген пікірім бар. Онда біріншіден: «Қазақстан Республикасының Халық Кеңесі ҚР халқының мүдделерін қорғайтын жоғары консультативтік орган болып табылады», екіншіден, «Қазақстан Республикасының Халық Кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарынан жасақталады, үшіншіден: «Қазақстан Республикасының Халық Кеңесін құру, оның құрамын жасақтау, өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыру тәртібі конституциялық заңдар негізінде қамтамасыз етіледі» деген редакция қамтылуы керек, – деді Бекзат Алтынбеков.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



