Спорт
Жерлесіміз Испаниядан жеңіспен оралды
Испанияның «Гечо шеңбері» жолдарында өткен бір күндік веложарыс мәресіне жетті. Жарыс жеңімпазы астаналық Алексей Луценко болды. Ол белгіленген қашықтықты 4:19: 10-та басып өткен
«Lidl-Trek» француз Тони Галлопен екінші келсе, үшінші болып мәре сызығын кесіп өткен «Астананың» тағы бір өкілі, итальяндық Симоне Веласко.
«Астананың» құрамасының қалған шабандоздары Евгений Федоров – 20шы, Нұрберген Нұрлыхасым – 55-ші Фабио Феллин, Леонардо Бассо мен Хавьер Ромо мәреге жете алмады. «Гечо Шеңбері» Bilbao – Getxo веложарысы 193,3 шақырымды қамтитынын атап өткен жөн.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz