Жерлесіміз Еркебұлан Қанафин Сурдлимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды
Жапония астанасы Токиода есту қабілеті зақымданған спортшылардың төрт жылда бір өтетін XXV жазғы Сурдлимпиадасы өтіп жатыр. Бүгін Сурдлимпиададағы сурдо дзюдодан жекелей сайыстағы бәсекелер аяқталды. Нәтижесінде, 81 келіде белдескен қарағандылық дзюдошы Еркебұлан Қанафин финалдық кезеңде мажар дзюдошысы Патрик Отвошты жеңіп, екі дүркін Сурдлимпиада чемпионы атанды.


Айта кетейік, Еркебұлан Қанафин – дзюдодан (сурдо) Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2022 жыл Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарының чемпионы. 2023 жыл Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты чемпионатында да алтыннан алқа таққан. Ал, былтыр Түркістанда өткен дзюдодан әлем чемпионатында жеке сында қола жүлдеге қол жеткізсе, командалық есепте І орын иеленген.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



