Жаңалықтар
Жерлесіміз елге оралды
Азия рекордын орнатқан қарағандылық паралимпиадашы Дастан Мұқашбеков Франциядан елге оралды.
– Әлем чемпионатына Өзбекстандағы жиындарда дайындалдым. Арқама қатты зақым келтіріп алып, жаттығу қиынға соқты. Бірақ, алған ем шипалы болды. Уақыт аз. Қатты дайындалдым. Нәтижесінде, Азия рекордын орнаттым. Бала кезімнен мен жоғары деңгейлі спортшы болғым келді, проблемалар кедергі бола алмады. Барлық кедергі мыйда екенін түсіндім, – дейді Мұқашбеков.
Енді, Дастанның алдында 20-28 қазан аралығында Қытайда өтетін Паназиялық ойындарда өнер көрсету міндеті тұр. Облыстан спорттың бес түрінен 10 адам қатыспақ.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz