Бас тақырыпЖаңалықтар
Жерлесіміз – Азия чемпионы
Бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды жерлесіміз Аида Әбікеева салды.

63 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан ол Азия чемпионы атанды. Жерлесіміз финалда Вьетнам елінің боксшысы Ха Тхи Лингтан 5:0 есебімен айласын асырды.
Бұл Қазақстан құрамасы үшін 2024 жылғы Азия біріншілігіндегі екінші алтын медаль. Бұған дейін Виктория Графеева 60 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанған еді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.