Бас тақырыпСпорт
Жерлесіміз Аида Әбікеева үш дүркін әлем чемпионын жеңді
Қарағандылық боксшы Аида Әбікеева Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген жерлесіміз ширек финалда 2020 жылғы Олимпиада чемпионы түркиялық Бусеназ Сюрменелімен қолғап түйістірді қарсы рингке шықты. Жекпе-жек барысында отандасымыз сенімді қимылдап, қарсыласын қыспаққа алды. Төрешілер бірауыздан жеңісті 5:0 есебімен Аида Әбікееваға берді.
Алдағы күндері Аида финалға жолдама алу үшін жартылай финалдық кездесуге шығады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА