АймақҚарағанды

Қарағандылықтар жерлес желтоқсаншылармен жүздесті

Майқұдық Мәдениет үйінде Тәуелсіздік күні қарсаңында жерлес желтоқсаншылармен “Желтоқсан желі ызғарлы” атты тағлымды жүздесу өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл кездесуді облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының мамандары Арайлым Әбдікәрімова мен Алтынай Сембек ұйымдастырып, оған Желтоқсан көтерілісінің қарағандылық куәгерлері мен қаладағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Жүздесу барысында сол 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде Алматы қаласындағы алаңға ереуілдеп шыққан қазақ жастарының бел ортасында болған Марат Хамитов, Жәлел Әуезұлы және облыстық “Желтоқсан” ұйымының басшысы Абай Әбдірахман халқымыз тарихындағы естен кетпес сол оқиғаның маңызы, оның тәуелсіздікке бастаған рухы, сол жолда өз бастарынан кешкен жайттарды әсерлі әңгімеледі. Сондай-ақ еліміздің азаттығы үшін құрбан болған сондағы боздақтарымыздың қайтпас қайсарлығы еске алынып, олар өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі етілді.

Мазмұнды да тартымды өткен шарада “Қарабауыр қасқалдақ” әнінің тарихы таныстырылып, “Кәусар” дуэті мен өнерпаздар патриоттық әндерді шырқады.

Соңында кездесуге қатысушылар суретке түсті.

Ержан ИМАШ
ҚАРАҒАНДЫ

Басқа материалдар

Back to top button