Жер үшін алаңдаудың жөні жоқ

Қазақстан Республикасының халық талқылауына ұсынылып отырған жаңа жобасын толық оқып шықтым. Қабылданғалы отырған Ата заңымыздың бұл нұсқасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер еліміздің қоғамдық-саяси бағытын айқындап,әлеуметтік-экономикалық дамуына бағдар беріп, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғап,көптеген басымдықтарды белгіледі.Соның ішінде кешегі ата-бабаларымыздың қан төгіп қорғап,бізге мирас етіп қалдырған,мемлекеттілігіміздің негізі болып табылатын қасиетті жеріміз туралы айтылған 8-баптың үшінші тармағы назар аудартпай қоймайды. Онда “Жер және оның қойнауы, суы,өсімдік пен жануарлар дүниесі,басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.Мемлекет халық атынан жерге меншік құқығын жүзеге асырады.
Жер заңда белгіленген жағдайлар мен шектер негізінде жеке меншікте болуы мүмкін” деп тайға таңба басқандай анық жазылған.Ендеше жеріміздің кез келген адамға, шетелдіктерге жаппай үлестіріліп,сатылып, ту-талақайы шығады деп алаңдаудың қажеті жоқ.Бәрі де заң аясында шешіледі.
Нұрдәулет МӘЗОВ
Бұқар жырау ауданы Жер қатынастары бөлімінің басшысы


