Жаңалықтар

Жер – мемлекеттің негізі

Қадірлі қазақстандықтар!


Сіздерді Қазақ күнтізбесіндегі тарихи күн 24 тамыз -Туған жер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақ қазақ болғалы, ел мен жер үшін күрес күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Шамасы осыдан болу керек, ұлан-ғайыр қазақтың жері сонау Алтайдан бастап, Каспийге дейін созылып жатыр. Бұл елім-жерім деп саналы ғұмырын аттан түспей өткізген ұлт перзенттерінің бізге тапсырған аманаты. Жер – мемлекеттің негізі деген  Мөде қағанның сөзі еске түседі осы орайда.
1920 жылы қазан айында Қазақ Автономиялы республикасы жарияланбас бұрын қазақ жерінің шекарасын белгілеу ісін ұлт қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков қолға алды. Олар қолға алған осы маңызды жұмыстардың арқасында 1920 жылдың 24 тамызында  Қазақстанның ұлттық мемлекеттік территориясы бекітілді.
Қадірлі отандастар, сіздерді ұлт мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің айшықты датасы болып табылатын 24 тамыз – Туған жер күнімен құттықтаймыз! Ұлт қайраткерлерінің жасаған еңбегін ұмытпау біздің парызымыз. Еліміз гүлдене берсін!
                                              Мұқтар Шаханов     

Басқа материалдар

Back to top button