Білім

«Әжемнің ертегісі» облыстық форумы өтті

Қарағанды облысының білім басқармасы және оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарынан 500 педагогті қамтыған «Әжемнің ертегісі» форумы өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Форумның мақсаты: мемлекеттік тілді насихаттау, мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту (ертегілер, жаңылтпаштар, өлеңдер, мысалдар), өскелең ұрпақты қазақ халқының салт-дәстүрлеріне тарту мақсатында балалар, ата-аналар мен педагогтердің өзара тығыз әрекетін ұйымдастыру.

Іс-шара екі бағыт бойынша өткізілді: пікірталас алаңдары және пленарлық отырыс.

Пікірталас алаңдары 4 бағыт бойынша өткізілді: 

«Балаларға туған өлке тарихы мен мәдениетін таныстыруда қазақ ертегілерін пайдалану» алаңы. Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу өнер түрлері, музыка, көркем әдебиет, қазақ халқының мұрасы фольклоры туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру арқылы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары арқылы фольклормен, кілем тоқу, күйлерді тыңдау, ою-өрнектермен таныстыру.

«Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың көркем әдебиетімен таныстыру үдерісіндегі қос тілділік» алаңы. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерін кітап мәдениетіне баулу және оқу сауаттылығын дамыту, ертегілер, өлеңдер, әндер, театрландырылған іс-шаралар арқылы қазақ тілін үйрету, «Жас оқырман» әлеуметтік жобасын интеграциялау, “Көрпе Фест” челленджі, оқырмандар байқаулары арқылы жұмысты жандандыру.

«Әжемнің ертегісі» жобасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әлеуетін дамыту» алаңы. Сандық технологияларды қолдану және халық ертегілерінің кейіпкерлері мен сюжеттерін қолдана отырып, тәжірибелік-эксперименттік қызмет арқылы математикалық және жаратылыстану-танымдық идеяларды қалыптастыру. Қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлері балаларға қоршаған әлемді тануға көмектеседі, тәжірибелер мен эксперименттерді санауға және жүргізуге үйретеді.

«Әжемнің ертегісі» жобасы арқылы балалардың бойында дене тәрбиесі мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру» алаңы. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салты мен экологиялық тәрбие дағдыларын табысты қалыптастырудағы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының рөлін түсіну және дәріптеу.

Пленарлық бөлімге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Адамова Манара Елекенқызы, «Ерте даму институты» РММ, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің өкілдері, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагогтер, ата-аналар қауымы, облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының директорлары қатысты.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button