АймақҚарқаралы

Жеміс ағаштары егілді

Республика күні мерекесіне орай Қарқаралыда 80 түп қарақат пен шетен ағаштары егілді.

Суреттер автордан

Жеміс ағаштары кейінгі екі жылда тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, айналасы көркейген және бүгінде Айнакөл атанған су қоймасы алаңына отырғызылды.

Игі шараға аудандағы мекемелер мен қоғамдық кеңес өкілдері, ардагерлер, жастар қатысты. Табиғаттың ыңғайына қарай, күзде ағаш отырғызудың әдіс-талаптары толық сақталып отырғызылған жеміс ағаштары күтімі келіссе, келешекте ару Қарқаралының көркіне көрік қосқан баққа айналмақ.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ, 

Қарқаралы ауданы. 

Басқа материалдар

Back to top button