Жаңалықтар

Жемқорлықты жою – міндет

Еліміз тәуелсіздік алған мезеттен бастап, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Қазақстан ТМД арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқа да жалпы жұртта халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

«Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе. Одан әлемнің бірдебір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек» деген еді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстан алдындағы бүгінгі күнгі күрделі міндеттердің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілгендердің лауазымдық қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін өз өкілеттіктерін пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты, бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісәрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі – күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

Б.ҚАНАТОВА,
ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің
Қарағанды облысы бойынша
департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі.

Басқа материалдар

Back to top button