Жаңалықтар

Жемқорлыққа жол жоқ

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. 

Сурет ulysmedia.kz

Бір ғана факт бар: жемқорлық қоғамның дамуын тежегіш фактор.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады:

мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы;

құқықбұзушылыққа немқұрайлы қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар;

кейбір мемлекеттік қызметшілердіңмемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі;

кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы;

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Бұл дерттің алдын алып қоғамға таралуын жолдарын кесіп, оның ұлғаюуына жол бермеу керек деп санаймын. Ол үшін аталған дертке атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын тежейді. Қоғамда сыбайлас жемқорлық көп таралғанын байқауға болады. Пара алу, пара беру бәрі сыбайлас жемқорлықтың салдары: мемлекетке, саяси өмірге, адамғада зиянын тигізіп жатады. Мемлекеттің дамуына, болашақ өскен ұрпаққа сыбайлас жемқорлық зиян тигізбесе пайда алып келмейді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері біраз жылдар ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейкесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшінқоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретіндесаналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайласжемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

Басқа материалдар

Back to top button