Жемқорлыққа жол жоқ

Қарағанды облысында жастар және халықтың өзге де әлеуметтік топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сары – арқа адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі міндеті жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім деңгейін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру. Егер де сіздердің тараптарыңыздан сұрақтар немесе ұсыныстар туындаса, сіздер Алиханова 12 адресі бойынша орналасқан «Сары – арқа адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне, call – center «1424» немесе «Senim 109» нөмерлері бойынша хабарласа аласыздар.