Ресми

Жемқорлыққа жол бермеу – міндет

Облыс әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ, жастар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу әдістері талқыланды. Кеңеске облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Сергей Перов қатысты.

Сурет: kapital.kz сайтынан алынды

Денсаулық сақтаудағы сыбайлас жем­қорлық туралы Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыз­мет департаменті басшысының бірінші орынбасары Әсет Арыстанбеков хабарлады. Атап айтқанда, қызмет медициналық жабдықтарды тиісті сертификаттар мен куәліктерсіз сатып алудың фактілері анықталған.

– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде оларды жою жоспары жасалды. Әр тармақ талдауларға негізделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыратын қосымша ұсынысымыз бар. Біріншісі, облыстың медициналық ұйымдарының басшыларын міндетті ротациялау. Екіншіден, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дербес анықтау үшін медициналық ұйымдардың штат кестесіне комплаенс-офицерлердің оқшауланған дербес лауазымдарын қосуды қамтамасыз ету. Үшіншіден, анықтамада көрсетілген барлық фактілер бойынша тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылдансын, – деп атап өтті Әсет Арыс­танбеков.

Сондай-ақ, Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбековтің, жастар саясаты жө­ніндегі және ішкі саясат басқармалары бас­шыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.

Аймақ басшысы осы қарқынды бәсеңдетпей, профилактикалық жұмыстарға кө­бірек көңіл бөлуді тапсырды.

– Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүргізуге бағытталған жұмысты бақылауда ұстауы қажет. Оның сапасына ерекше назар аудару керек, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button