Желтоқсанның боздақтарын еске алмай, Жаңа жылмен құттықтама сен мені!
Бір апта бұрын ғана республика көлемінде ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өттік.
Ал, қазір тысқа шыға қалсаң, күні кеше азаппен келген азаттық, тәуекелмен келген Тәуелсіздік күнін тойламай, жазықсыз жапа шегіп, «Мен өлсем де, елім азаттығын алсын. Балалар бейбіт күннің астында күлімдеп күн кешсін!» деп жанын оққа тосқан Желтоқсанның боздақтарын еске алмай, Жаңа жылға дайындықты бастап кеткендерді көресің. Шыршалар құрылып, ойыншықтар ілініп, «бірінің көркін бірі ашып тұр».
Адамның ғана емес, ғаламның да санасын улап, тұзағына түсіріп үлгерген ғаламторды да аша қалсаң, бәрі қызу дайындық үстінде. Себебі, алда еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жарыса тойлайтын мейрам келе жатыр. Жоқ, ол – Тәуелсіздік күні емес «Жаңа жыл».
Батыстың алдауы мен арбауына еріп, қызығын қызықтап кеткен жастар, тіпті, Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңелген шақта енетін ұлық мейрам – Наурызды дәл осындай қарқынмен, құмарлана атап өтпейді-ау. Қасиетті күні Алладан дұға тілеуді ұмытып, Жаңа жыл жақындаса, «Аяз ата арманымды орында» деп жарыса хат жазатын балаларды көргенде ет жүрегім езіліп кетердей болады.
«Дед морозбен» теңестіру
Құдайды,
Ол – шайтанның бізге салған
өрмегі.
Өз салтыма, хақ дініме берікпін
Бос мереке жүрегімді жеңбеді», – деген айтыскер ақын Б.Имашевтің отты жыры есіме түседі осы кезде.
Елінің ертеңін ойлаған, жүрегінде түгі бар, кеудесінде «қазақ» деген үні бар жастар «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегендей, барлығын ысырып қойып, бейнетпен келген Тәуелсіздік күніне тап сол Жаңа жылға дайындалғандай, қарбаласа дайындалса екен. Сауық құрып, серілік жасар уақыт әсте кеш емес!
Айкерім ХАМИТ,
ҚАРМУ-дың І курс студенті.