ҚарағандыПоэзия

Желтоқсандық жүректерге

Келді, кетті ізін тастап

желтоқсанның ызғары,

Білінеді жүректерге сол

күндерден сыз бары.

Бастау алған сол бір кезден

армандаған азаттық

Шырқалды ғой бүгінгі күн

тәуелсіздік жырлары.

 

Ұмытылмас мәңгілікке қанды

азап сол күндер,

Ұмытылмас ұл-қызыма

азаптанған сол түндер.

Қандай төзім, күшті жігер елін

сүйген қырандар

Ұмытпайтын арттағы ұрпақ

өздеріңе жыр арнар.

 

Қаруланған өңкей жендет жын

соққандай есірді,

Қан бөктірді, сүйек сынды,

талай бұрым кесілді.

Жазығы жоқ жапа шеккен

боздақтар

Жазаланып, жала жауып,

талай жылға кесілді.

 

Бірі соның Ләззат қыз,

Рысқұлбектің Қайраты,

Қандай батыр жалындаған,

беттетпейтін айбаты.

Жас ұрпаққа үлгі болар із

қалдырған артында

мақтан тұтқан бүгінгі күн

жасың менен қартыңда.

 

Қаза болған, жазаланған

сол боздақтар ақталды,

Ерліктері дастан болып,

ел алдында мақталды.

Қайрат батыр «Халық

Қаһарманы» аталып,

Соңғы сөзі өсиеттей өлең

болып жатталды.

 

Жас ұрпақ, еліңді сүй,

жеріңді сүй,

Намысшыл, жігерлі боп

отына күй.

Тәуелсіздік көк туын

жоғары ұстап,

Болыңдар өздерің бас,

өздерің би!

 

Әли ТІЛЕМІС,

еңбек ардагері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button