Жаңалықтар

Желідегі жалған ақпарат жарға жықпасын

Әлеуметтік желілерде әрбір қазақстандыққа 100 мың теңге және одан артық мөлшерде «мемлекеттен көмек» беріледі деген хабарландыру тараған. Соңында бұл ақпараттың жалған екені расталды, деп хабарлайды Ortalyq.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: qazaqstan.tv сайтынан

– Әрбір қазақстандық өтемақы ала алатыны туралы тараған ақпаратқа сенбеген жөн. Мұндай төлемдер туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да жоқ. Мұндай жарнамаларда көбінесе сайтқа апаратын сілтемелер беріледі, онда пайдаланушыларға «ақшаны қайтаруға» өтініш қалдыру ұсынылады, – делінген хабарламада.

Өтінімді толтырған кезде жеке ақпарат пен өтемақыны аударатын банк картасының деректерін көрсету сұралады. 

– Бұл желіде алдау үшін қолданылатын бұрыннан белгілі ескі алаяқтық схема. Әр түрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда, Ресейде және Беларусь елінде алаяқтар пайдаланушылардың ақшасын иемдену мақсатында «мемлекеттен төлемдер жасалады» деп бұған дейін де айтқан болатын, – деді мамандар. 

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button