Желаяқ жүлдегерлер анықталды
Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің 75-ші жеңілатлетикалық эстафетасы мәресіне жетті. Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс, Степной-3 ауданы көшелерінде өткізілген эстафетаның қашықтығы – 4100 метрді құрады. Шараның жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Биыл эстафетаға 196 команда қатысты. Оның ішінде, 104 – ерлер, 92 – әйелдер құрамасы. Жүгіру марафонында жалпы саны – 1960 қатысушы бақ сынап, «Достық» эстафетасына 60 әуесқой желаяқ қатысты.
Қатысушылар арасында ең көбі жалпы білім беретін мектептер және олар өте белсенділік танытты. Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептердің оқушылары ұлдар мен қыздар арасындағы эстафеталық жүгіруге 53 команда қатысты.
Екінші дивизион колледждерінің оқушылар тобында ұлдар мен қыздар арасындағы эстафеталық жүгіруде екі команда қатысты. Олар – ҚЖПК ұлдар мен қыздар, «ҚКТК» КММ – ұлдар және «ҚАК» КММ – қыздар.
Жасөспірімдер арасындағы эстафеталық жүгіруге Бірінші дивизион колледждерінде 10 команда, Бірінші дивизион колледждеріндегі оқушы қыздар арасындағы эстафеталық жарысқа 7 құрама, ерлер мен әйелдер арасындағы эстафеталық жүгірудің 1 тобына ЖОО студенттерінен құралған 6 команда қатысты.
Биыл топтар бойынша өндірістік ұжымдар өтінім беріп, жарысқа 14 ерлер мен 4 әйелдер командасы қатысты. Бұл – соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі төмендегіше:
11 жыл оқитын ЖББОМ (ұлдар):
I орын №45 гимназия
II орын №101 мектеп-лицейі
III орын №23 ЖОББМ
11 жыл оқитын ЖББОМ (қыздар):
I орын №45 гимназия
II орын №81 ЖОББМ
III орын №3 гимназия
9 жыл оқитын ЖББОМ (ұлдар):
I орын №20 ЖББОМ
II орын №11 ЖОББМ
III орын №78 ЖББОМ
9 жыл оқитын ЖББОМ (қыздар):
I орын №78 ЖББОМ
II орын №20 ЖББОМ
III орын №11 ЖББОМ
Колледждер (ерлер):
I орын КГТК
II орын «Болашақ»
III орын Жасұлан-1 ҚМ
Колледждер (әйелдер):
I орын КГТК
II орын «Болашақ»
III орын ҚЖПК
2-ші дивизион колледждері (ерлер):
I орын ҚАК (ПЛ №2)
II орын ҚКТК (ПЛ №15)
2-ші дивизион колледждері (әйелдер):
Қатысқан жоқ.
Өндірістік ұжымдар (ерлер):
I орын Е.Бөкетов атындағы ҚарУ-дың спорт клубы
II орын Қарағанды облысы ПД СОБР
III орын Қарағанды медицина университеті
Өндірістік ұжымдар (әйелдер):
I орын Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығы
II орын Қарағанды Жоғары гуманитарлық колледжі
III орын Қарағанды қаласының әкімдігі
Жоғары оқу орындары, Ә.Молдағұлова атындағы ДБАМИ (ерлер):
I орын Е.Бөкетов атындағы ҚарУ
II орын Ә.Молдағұлова атындағы ДБАМИ
III орын Ә.Сағынов атыындағы ҚарТУ
Жоғары оқу орындары, Ә.Молдағұлова атындағы ДБАМИ (әйелдер):
I орын Ә.Молдағұлова ДБАМИ
II орын Е.Бөкетов атындағы ҚарУ
III орын Қазтұтынуодағы ҚЭУ
Ардагерлер, денсаулық топтары, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, жүгіру әуесқойлары «Достық» марафонына қатысты.
Эстафетаның 1-ден 5-ке дейінгі топтарының жүлдегер-командалары кубоктармен және дипломдармен, жеңімпаз командалардың қатысушылары медальдармен марапатталды. 1 кезеңде (1000м.) 1-5 топ қатысушылары көрсеткен үздік нәтижелері үшін-естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. 6 топтың барлық қатысушысына сертификаттар табысталды.
Жәлел ШАЛҚАР.