АймақБалқаш

«Жекпе-жек» жаттығу залы ашылды

Балқаш қаласы тағы бір спорттық нысанмен толықты. Шағын шаһарда «Ағыбай батыр» атындағы оқушылар сарайында «Жекпе-жек» жаттығу залы ашылды. Мұнда қазақ күресі, дзюдо және бокспен айналысуға толық жағдай жасалған. Нысанның іші спорт құралдарымен толықтай жабдықталған, демалыс, жуыну бөлмелері де бар.

 

Аталмыш маңызды шараға орай салтанатты ашылу рәсіміне Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев, қазақ күресінен спорт шебері, бапкер Ораз Мұхамеджанов қатысып, құттықтады.

– Біз балалар үшін қазақ күресі, дзюдо және бокспен айналыса алатын заманауи спорт залын ашып отырмыз. Бұл – жастар арасында саламатты өмір салты мен спорттық дағдыларды дамытуға жасалған үлкен қадам. Спорт жастарды тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Ол тәртіпті, топтық жұмысты, төзімділікті және жоғары нәтижеге жетуге ұмтылуды үйретеді. Біздің мақсатымыз – барлық балаларға физикалық және психикалық тұрғыдан мықты болып өсуі үшін спортты қолжетімді және тартымды ету, – деді Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев.

Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»

БАЛҚАШ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button